KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Павлодар тұрғыны Интернет-банкинг арқылы 30 млн теңге ұрлаған

5.03.2012, 18:00 94


Павлодар тұрғыны Интернет-банкинг арқылы 30 млн теңге ұрлаған. Шығыс Қазақстан облыстық сотының шешімімен ол алаяқтығы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


«Белгісіз біреулер «Семей цемент зауыты» ЖШС атынан 29 418 000 теңгеге төлем қағаздарын жалған толтырып, «Астана қаласы «Еуразийский банкі» № 5 филиалы арқылы «Компания Горснаб» ЖШС заңды тұлғасы атына жіберген. Одан кейін айыпталушы өзінің сыбайластырамен бірге Банк клиент бағдарламасын бұзып, «Қазақстан халық банкі» атынан ірі көлемдегі ақшаны «Компания Горснаб» ЖШС есеп шотына айдарған. Келесі кезекте бұл ақшалар қолма қол ақшаға айналдырылған. Ақша қолына тиісімен павлодар тұрғыны ізін жасырған», - деп хабарлайды ШҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

Алаяқтар банкі бағдарламасына анонимайзердің көмегімен шығып, Германиядан ақша аудару инсценировкасын жасаған. Рұқсат етілмеген ену IР мекенжайынан «Неtznеr Оnlinе АG» компаниясына қатысты болып отыр.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив