KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Шығыс Қазақстанның жеті кереметі» байқауы жарияланды

28.02.2012, 18:00 145


Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар 1 наурыз күні «Шығыс Қазақстанның жеті кереметі» байқауы басталатынын хабарлады, оған қалауын білдірген кез-келген адам қатыса алады.
Мәдениет басқармасы жетекшісінің айтуынша, наурыз айының 1-нен 20-сына дейін әрбір қатысушы өзі сайысқа түсетін аталымын таңдауы керек. Барлығы жеті аталым бар - «Бірегей табиғи нысан», «Мәдени немесе тарихи нысан», «Бірегей дәстүр, оқиға», «Тарихи тұлға», «Өнер туындысы», «Рухани мұра нысаны» және «Еркін тақырып» (ұсыныстар бойынша аталым).

Нысанның суреті міндетті түрде ұсынылуы тиіс. Қатысушылардың жұмыстары дауыс беру үшін қалалық сайтқа шығарылады, жеңімпаздар соның қорытындысы арқылы анықталады. «Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтіп отыр», - дейді Ж.Омар.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив