KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.41 477.78 4.84

Облыстық мәдениет басқармасы Халықаралық сыйлықпен марапатталды

12.08.2012, 18:00 88


Мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар Мұқашұлы «Басымдылық үшін» атты Халықаралық сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

10 тамызда А.С. Пушкин атындағы кітапханада Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Басымдылық үшін» Халықаралық сыйлықпен марапатталуы және «Жалпылай Еңбек Қоғамына жиырма қадам» әлеуметтік жаңғырту» бағдарламасы аясында облыстағы мәдениет пен өнер саласының дамуы туралы баспасөз-мәжілісі өтті.

Халықаралық жүлде қарым-қатынасты нығайтуға және инновация бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сөз кезегінде басқарма бастығы Жақсылық Омар «Жалпылай Еңбек Қоғамына жиырма қадам» әлеуметтік жаңғырту» бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдардағы мәдениет басқармасының жарқын істері мен жобалары туралы баяндама жасады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив