KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде таксиші өртеніп жатқан пәтерден баласы бар әйелді шығарды

27.02.2012, 18:00 108


Өскеменде такси жүргізушісі Аслан Тұмашев өртеніп жатқан пәтерден төрт айлық баласы бар әйелді шығарды, деп хабарлады дүйсенбіде Шығыс Қазақстан облысы ТЖМ-сының баспасөз қызметі.
Екінші қабаттағы пәтерде өрт 24 ақпанда орын алды. Әйел қолында баласымен өртеніп жатқан пәтердің балконында тұрып көмекке шақырған.


Үйдің жанында өтіп бара жатқан таксиші тоқтап көмкетесуді шешкен. Пәтерге кіре беріс есіктен кіру мүмкін болмады. «Сол кезде балконға мінуді шештім. Балконға мінген соң әйелдің қолынан баланы алып, кішкене еңкейіп төменде тұрған жас балдардың қолына бердім. Содан кейін әйелге түсуге көмектестім», - деп келтіріледі хабарламада Тұмашевтың сөздері.

ТЖД-ның ақпаратына сәйкес, әйел мен бала ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив