KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Әбіш деймін...

27.02.2012, 18:00 110


Ауылда соғыста болған, етігінің қонышына қан толып келген Әбіш деген үлкен ағамыз болды. Соғыс жайында әңгіме қоздаған жерде ауыздығын қарш-қарш шайнап, бас бермей кетуші еді жарықтық.
– Немістер қуып, біз қашып келеміз баяғы. Керзі етігім аяғымды қажап, шоңқаңдап келе жатқанда, дәл жанымнан таңқ етіп гранат жарылсын. Тоңқалаң астым. Естен тандым. Бір кезде біреу:
– Әбіш деймін, Әбіш деймін! Тез шай іш деймін, – деп қос өкпемнен тепкілеп тұр екен. Оны кемпірім екен деп:
– Уа, әкеңнің аузын ұрайын, Биғайша! Сонша не болды тепкілеп? Қазір ішемін ғой, – деп көзімді ашсам, «Ауфштейн! Ауфштейн!» деп тұрған сұм фашист екен, – деп Әбекең қарқ болатын.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив