KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Көлік жоқта «Москвич» те мәшине екен ғой

23.02.2012, 18:00 128


Бұл әңгімені Әбілмәжінов Қайролла ағамыз айтқан болатын...
- Теректіден шығып, Күршімге беттеп келе жатырмыз. Шекарашылардың тексеру бекетіне таяғанда алдымызда кетіп бара жатқан ескілеу «Москвич» автомобиліне 13-14-тер шамасындағы бір бала қол көтеріп тоқтатты да, отырып кете берді. Біз соңынан еріп келеміз. Жарты шақырымдай өткен шамада әлгі мәшине кілт тоқтап, жүргізушісі түсе қалды. Түскен бойда екінші жақтағы есікті ашып, әлгі баланы суырып алды да, жол шетіне қарай итеріп кеп жібергені. Анау тоңқалаң асты. Бұдан соң әлгі рульге отырып, көлігін бар күшіне салып айдай жөнелді.
Біз тоқтап, үсті-басын қаққыштап тұрған баланы отырғызып алдық. Отырар-отырмаста «Не боп қалды?» деген сауалды жабыла қоймаймыз ба.
- Ағамыздың мінезі жаман екен, - деп жауап берді әлгі жүгірмек, - отырып алған соң «Көлік жоқта «Москвич» те мәшине екен ғой!» деп едім, шабына шоқ түскендей болғаны...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив