KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ЖАПОНИЯДА ОҚЫП ЖҮР...

27.02.2012, 18:00 155


«Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы» деп ана ғасырда Абай атамыз айтпақшы, бүгінде талай қазақ баласы алыс-жақын шетелдерде оқып жатыр. Соның бірі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің түлегі Әділет Сейсеннің Жапонияның Нииагата префектурасы Минамиуонума қаласындағы Халықаралық университетінде оқып жатқанына жарты жылға жуықтап қалды.

Әділет Семей университетін бітірген соң «Альянсбанк», «ТуранАлембанктің» осындағы филиалдарында, ал одан кейінгі жерде соңғы аталған банктің Алматыдағы бас офисінде, Мәскеудегі филиалында директордың орынбасары, Астанадағы бір құрылыс компаниясында финанс директоры, Алматыдағы халықаралық аудиторлық компанияның мененджері болып қызмет атқарған болатын. Сөйте жүріп өз бетімен білімін жетілдіріп, ағылшынша тіл үйренген-ді. Ақыр соңында өткен жылдың қыркүйек айында білім жөніндегі үлкен грантты жеңіп алып, Жапонияға оқуға аттанған. Оқу талабына сай өзімен бірге халқымыздың ұлттық аспабы домбырасы мен бөрік, шапанын ала кеткен. Сөйтіп, шетте білімін жетілдірумен шектелмей, ұлттық өнеріміз бен салт- дәстүрімізді насихаттай білуге де уақыт таба білген. Яғни, мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білімді де талапкер жастарға оған қолайлы жағдай мүкіндігінше жасалған көрінеді.

Әділет осы аз уақыт ішінде жапон тілін де біршама меңгеріп үлгерген секілді. Соның бәрі ескерілгендіктен болар, жақында онымен «Нииагата» электрондық газетінде ағылшын тілінде сұхбат жарияланған екен. Қысқа да нұсқа бұл сұхбаттың орысша нұсқасы жуырда жергілікті «Семейские вести» газетінде жарияланған еді. Іле әріптесіміз Айгүл Биданованың елден жырақта тиянақты білім алумен бірге, халқымызды шет жұртқа хал-қадірінше таныстырып келе жатқан бауырымыз жөнінде «Алыстағы Нииагатадағы домбыра әуені» деген тақырыппен қысқаша хабары жарқ ете қалған. Ал осы шағын хабар аталған басылымның ағылшынша нұсқасында да жарияланыпты.

Енді, міне Нииагатадан қуанышты хабар жетіп отыр. Яғни, ондағылар осы хабарды университеттің көрнекті жеріне іліп қойыпты. Сол жаңалықты осындағы жас толқынға үлгі болсын деп жеткізіп отырған жайымыз бар.

Таудай талабыңа ақжол тілейміз, Әділет!

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив