KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Елімізге қайта көшіп келгендерге жеңілдіктер бар ма?

26.02.2012, 18:00 132


– Кеңестік дәуірде Қазақстаннан Ресейге қоныс аударған өзге ұлттың азаматтары елімізге қайта көшіп келген жағдайда азаматтыққа қандай жолмен қабылданады? Оларға жеңілдіктер қарастырылған ба?
Руфина Саянова

Өскемен.

Бұл сұраққа Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясының инспекторы, полиция капитаны Қанат Бүкбаев жауап береді:
– Кеңестік дәуірде Қазақстаннан Ресейге қоныс аударған азаматтар елімізге қайта көшіп келген жағдайда ұлты қазақ болмаса, бұрын Қазақстан азаматы болғаны үшін ешбір артықшылық құқық иеленбейді. Олардың құқы Ресейдің байырғы азаматтарымен теңестірілген тәртіп жағдайында қарастырылады.
Бірақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшіп келетін Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан Республикасының азаматтары өзге алыс, жақын шетелдерден қоныс аударушылардан өзгеше жеңілдік құқықтар иеленеді.
Анығырақ айтсақ, ол «Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресейге, Ресей азаматтарының Қазақ-стан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аудару тәртібін оңтайлан-дыру туралы» Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылдың 20-қаң-тардағы келісім-шарты бойынша жүзеге асырылады. Бұл келісімшартта қоныс аударушы тұрақты тұруға барған елінде туған-туысқандары болған жағдайда, 3 айдың ішінде сол елдің азаматтығына қабылдана алады. Ол үшін қоныс аударушы тұрақты тұруға келген қаланың, ауданның көші-қон полициясына тіркеліп, әуелі ықтиярхатқа құжат тапсырады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив