KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Медициналық мекемені таңдау үшін қандай құжат қажет?

23.02.2012, 18:00 142


– Медициналық мекемелерді еркін таңдау қалай жүзеге асады және таңдалған мекеме медициналық қызметтің қандай түрлерін көрсетеді?

Әмина Сағатова

Үржар ауданы.

Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық ден-саулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары С.Попов жауап береді:
– «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету Ережесін және азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйым-дарына тіркеуді бекіту туралы» Қаулыға сай, АМСК ұйымдары азаматтардың қалауы бойынша бекіту жүргізу үшін мынадай құжаттар қажет;
● емдеу мекемесінің басшысы қол қойған, мөрі бар босату талоны – АМСК ұйымдарында ағымдағы бекітілген орны бойынша тегін беріледі:
● жеке бас куәлігі
● азаматтарды тіркеу кітапшасы.
Денсаулық жағдайына байланысты келе алмайтын азаматтар жазбаша өтініші бойынша тіркеледі.
АМСК ұйымдарына азаматтарды бекіту тұрғындар санының нормативіне сай жүргізіледі: дәрігер-педиатрда норматив – 800 бала, дәрігер-терапевте – 2200 ересек, жалпы тәжірибе дәрігерінде – 1400.
Айта кету керек, жеке тұрған дәрігерлік
амбулатория таңдағанда, пациенттер тек алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ғана тегін ала алады. Жеке дәрігерлерден кеңес беру-диагностикалық көмекті сол емханада ғана тегін алады.
Егер АМСК ұйымы емхана құрамында болса, онда пациенттер қосымша мынадай көмек алады:
1. Жеке дәрігерлерден кеңес беру-диагнос-тикалық көмек және осы мекемеде мемлекеттік тапсырыс көлемінде тексерілуден өту.
2. Бекітілген орны бойынша жеңілдікке ие пациенттер емхана дәріханасынан тегін дәрі-дәрмек ала алады.
3. Диагнозы белгісіз және ауыр жағдайдағы сырқаттар үшін учаскелік терапевт емхананың кез келген маманымен консилиум жүргізе алады.
Толығырақ ақпаратты медициналық тіркеуші-ден сұрап біліңіз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив