KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Қарағандыда 3 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

22.02.2012, 18:00 118


Қарағанды облысы Жезқазған қаласының тұрғыны Виталий Галышкин 3 адамды өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Қылмыстық іс алқа билердің қатысуымен қаралды. «В. Галышкин 3 адамды өлтіргені және оқ қаруын заңсыз ұстағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды», - деп хабарланды қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта.

Сонымен қатар, сотталғаннан марқұмдардың туыстарына 2,6 млн. теңге сомасында қаражат өндірілді.

Қылмыстық істің құжатына сәйкес, 2011 жылдың 26 ақпанында В. Галышкин Балқаш көлінде орын алған жанжал кезінде Макаров тапаншасымен 3 адамды атып тастаған. Сосын қасындағы 2 балықшыны қорқытып, мәйіттерді өзенге лақтыруға мәжбүрліген. Қаза болған 3 балқаштықты туыстары мен полиция көп уақыт бойы іздегенмен, олардың мәйіті тек көктемде ғана табылды.

Соттың берген мәліметіне қарағанда, В. Галышкин бұған дейін де істі болған.

Үкім заңды күшіне енді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив