KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 2 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

«ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2011» мемлекеттік грантының иегерлері анықталды

21.02.2012, 18:00 162


Бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жеңімпаз атанған ұстаздарға «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы - 2011» мемлекеттік гранттарын тапсыру салтанаты өтті.

Биыл республиканың 55 жоғарғы оқу орнынан 200 оқытушы аталған мемлекеттік гранттың иегері атанып отыр. Конкурс басталғаннан бері жеңімпаз атанған ұстаздардың қатарында профессорлар мен ғылым докторларының көбейгендігі байқалады. Бүгінде олардың үлесі 73 пайызға дейін жетті.

Жалпы, биылғы конкурсқа 83 жоғары оқу орнынан 600-ден астам үміткер қатысты. Олардың тек 200-і ғана «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Әр гранттың жалпы сомасы 3,2 млн. теңге. Бұл ақшаға конкурс жеңімпаздары өздерінің ғылыми жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, шетелдің маңдайалды университеттерінен тәжірибе жинақтай алады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив