KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, З
487.24 529.34 5.02

Румынияның Бабеш-Боляй университетінде қазақ тілі, мәдениеті мен тарихы орталығы ашылды

15.02.2012, 18:00 272


Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Емил Рапчаны біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады.

Сенат Төрағасы Е.Рапчаға Қазақстан-Румыния ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айта келіп, румын дипломатының алдағы қызметі табысты болуына тілектестігін білдірді.

- «Румыния Қазақстанның Шығыс Еуропа аймағындағы саяси және экономикалық әріптесі болып табылады»,-деді төраға және ол екі ел Парламенттерінің арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қ.Мәми айтқандай, «қазақстандық және румын парламентшілері екі ел Парламенттерінде қызмет ететін ынтымақтастық топ деңгейіндегі өзара іс-қимылдың зор әлеуетіне ие».

Төраға сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдар аясында румын депутаттарымен ынтымақтастықты белсенділендіру жайында айтты.

Румын елшісі өз кезегінде 2010 жылы Букетов атындағы Қарағанды унивеситетінде румын тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылғанын, ал 2011 жылы қаңтарда Румынияның Бабеш-Боляй университетінде Қазақ тілі, мәдениеті мен тарихы орталығы жұмысын бастағанын және бұл шаралар екі халықты жақындастыруға жәрдемдескеніне назар аударды.

Румын дипломаты елші ретіндегі қызметіне қолдау білдіргені үшін қазақстандық тарапқа алғыс айтып, Қазақстан мен Румынияның екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту жайындағы ойын ортаға салды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив