KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қайырымдылық акциясы өтті

14.02.2012, 18:00 126


Ұлан ауданына қарасты Огневка кентінде ор-наласқан С.Сейфуллин атындағы орта мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

Аталмыш акция ағымдағы жылдың 10-қаңтары-нан басталып 10-ақпанға дейін жалғасты. Іс-шара барысында жағдайы нашар отбасылардан шыққан бірнеше жеткіншекке қайырымдылық жасалды.
Естеріңізге сала кетсек, білім ошағында бұдан бұрын да әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 балаға және қамқорлыққа алынған бір жетім балаға тиісті көмек көрсетілген болатын. Ал осы жолғы акция өткізілген бір ай ішінде тұрмысы төмен отбасынан шыққан 9 балаға мектеп ұжымы
6 300 теңгенің оқуға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, сыйға тартты.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив