KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Семейліктер екі аптада полицияға 27 қару тапсырды

13.02.2012, 18:00 200


Елімізде ішкі істер органдарында тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілерді мемлекетке ерікті түрде қайтару акциясы басталғалы 10 күннен асты. Бұл жолы заңсыз қару тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен де, әкімшілік жазадан да босатылады.

Яғни, халықтың қолындағы есепке алынбаған қару, оқ дәрілер, жарылғыш заттарды полиция органдары қабылдап, жазаға тартқанның орнына керісінше ақша төлейді. Акция басталған ақпанның бірінен бері Семейде жалпы сомасы 1,5 миллион теңгенің қару-жарағы тапсырылыпты.

Серік Тұрлыбеков, Семей қалалық ІІБ лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы:
- 21 Семей тұрғыны қолдарындағы тіркелмеген қару-жарақтарын тапсырды. Әзірге қала тұрғындарынан жиналған қару саны-27. Тегіс ұңғылы мылтық үшін мемлекеттен 30 айлық есептік көрсеткіш, ал иір ұңғылы қаруға 50 айлық есептік көрсеткіш, автоматты қару үшін 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 160 мың теңге шамасында ақша төленеді. Өткізілген қаруларға арнайы сараптама жасалады. Одан кейін қару-жарақтың барлығы балқыту арқылы жойылатын болады.
Мұндай шара осыған дейін Семейде 2008 жылы ұйымдастырылды. Онда заңсыз қару иелері үшін республикалық бюджеттен 9 миллион теңге бөлінген болатын. Ол кезде 193 семейлік қару-жарағын ерікті түрде тапсырып, 200 қару мен 8 мың оқ-дәрі полицияға өткізген. Ал биылғы акция наурыздың соңына дейін жалғасады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив