KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Қашағанда мұнайдың төгілу ауқымы Мексика шығанағындағыдан апаттырақ болуы мүмкін – ҚОҚМ басшысы

12.02.2012, 18:00 132


Қашағанда мұнайдың төгілу ауқымы Мексика шығанағындағыдан апаттырақ болуы мүмкін, алайда әзірге экологиялық қызмет ондай жағдайға дайын емес, деп санайды қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров.

«Өздеріңіз білетіндей 2013 жылы Қашағанда өндіру басталады, әзірге төгілуге дайындық жоқ. Егер сондай төгілу орын алса, апат ауқымды болады. Ол өткен жылы Мексика шығанағындағыда орын алған апаттан да бетер болуы мүмкін», - деді Қаппаров жұмада «Нұр Отан» ХДП-ның жанындаға жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес барысында.


Осыған байланысты, ол мұнайдың төгілуіне әсер етеу бойынша «қуатты қор» құру қажет деп санайды. «Біз Каспий шельфінің мониторингіне белсенді қатысуға ниеттіміз», - деп түсіндірді министр.

Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив