KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Байқоңырдағы экологиялық ахуал Үкіметті алаңдатып отыр

1.07.2013, 18:00 134


Байқоңырдағы төтенше жағдайға байланысты бүгін Үкіметте шұғыл жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың алдында еліміздің Төтенше жағдай және Ішкі істер министрлері мен Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы есеп берді. Қазір мамандарды алаңдатып отырған басты мәселе – Байқоңырдағы экологиялық ахуал. Өйткені, «Пратон-М» зымыраны құлаған сәтте жарылыс болып, азот пен гептил ауаға тараған. Владимир Божко апат аймағында экологтардың жұмыс істеп жатқанын айтады. Ал, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «зымыран құлаған аймақ Ресейдің еншісінде. Сондықтан онда жақындау әзірге мүмкін болмай отыр» дейді. Қазір осы оқиғаға байланысты Серік Ахметов үкіметтік комиссия құруды тапсырды. Оған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров басшылық етеді.

Сондай-ақ, мамандар апат аймағына гептилдің көп мөлшерде төгілгенін айтып дабыл қағып отыр. Бұл – ең қауіпті химиялық қосылыстардың қатарына кіретін ракеталық жанар-жағармай. Ол адамның бауыр, тері, жүйке-жүйесін, жүрек-тамыр мен қан айналым жүйесін зақымдайды.

Естеріңізге сала кетейік, ГЛОНАСС жер серіктерін ғарышқа алып ұшпақ болған зымыран старт кезінде құлады. Жерден көтерілген соң 10 секундтан кейін «Протон-М» зымыраны өзінің ұшу бағытын өзгертіп, ғарыш айлағының аумағында жарылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив