KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Шығыс Қазақстанда жел электр стансасы салынады

7.06.2013, 18:00 152


Шығыс Қазақстан облысында алдағы уақытта құны 18 млрд. 120 млн. теңге тұратын жел электр бекеті салынатын болады
, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыста басталған «Жасыл экономика – дамудың стратегиялық бағыты» атты халықаралық экологиялық форумда осындай меморандумға қол қойылды. Оған еліміздің ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен облыс жетекшілері және алыс-жақын шетелдерден келген өкілдер қатысты. Форумға қатысушылардың ойынша облыста «жасыл экономика» идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік зор.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бастаған топ алдымен «жасыл экономика» талаптарына сай жасалған отандық және шетелдік жобаларды қарап шықты. Қытайдан келген қонақтар күн болса күннен, жел болса желден қуат алатын әмбебап құрылғыны мақтанышпен ұсынды. Форумда энергетика, ресурспен қамту, ауылшаруашылық және экологиялық туризм сияқты 4 секция қамтылды.

«Жасыл экономика» бойынша ең үздік жобалар алдағы «EXPO-2017» көрмесінен орын алуы қажет. Форум қатысушылары ШҚО-ның үздіктер қатарынан көрінетініне сенімді. Олай айтудың жөні бар, себебі қазірдің өзінде ШҚО-ның шалғайдағы 4 ауданында шаруа қожалықтары 20-дан астам желқуат генераторларын және мыңнан астам күн батареяларын тиімді пайдаланып келеді. Алдағы уақытта аймақта «жасыл экономика» қағидаларына негізделген су электр станциясын салу да жоспарлануда. Ол үшін жер телімдері берілген.

Э.Ахметова, А.Төлепов


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив