KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемен қаласы әкімі денсаулығына байланысты жұмыстан босатылды

17.05.2013, 18:00 175


Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемен қаласы басшысы Серік Тәукебаевтың жұмыстан босату туралы өтінішіне қол қойды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Серік Тәукебаев жұмыстан кету себебін денсаулығына байланысты деп түсіндірді, делінген қала әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Бүгін таңертең өткен қала активінде Шығыс Қазақстанның әкімі 2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың мамыр айына дейін үлкен жұмыс атқарған Серік Шәукенұлына қызметі үшін алғыс айтты. Бұл шешім қала әкімінің жүрегіне операция жасалуы байланысты қабылданды», делінген баспасөз парағында.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында айтылғандай, «қала әкімдігі мен Серік Шәукенұлының саясатының нәтижесінде Металлургтердің мәдениет сарайы мен «Металлург» мәдениет және демалыс саябағы мемлекеттің қарамағына қайтарылды, қоғамдық көлікте 70 жастан асқан зейнеткерлердің тегін жүруі туралы шешім шықты.»

Қазір қала әкімінің міндетін орындаушы болып қала әкімінің орынбасары Владимир Головатюк тағайындалды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив