KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Атыраудың қыр даласындағы боранда 5 күнін өткізген әйел тірі қалды

7.02.2012, 18:00 124


Атырау облысының Құрманғазы ауданында қыр далада бес күн бұрын жоғалып кеткен шопанның 27 жасар әйелі табылды.

Шопанның зайыбы бір отар қойды қатты қар жауғанға дейін суаруға апарған еді. Сол күні ол үйіне оралған жоқ.

«Болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен соң, жоғалып кеткен әйелді іздеу шаралары ұйымдастырылды, бірақ қатты жауған қар қыр далада жүру қозғалысына қиындық тудырып, іздеу жұмыстары сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен Құрманғазы АІІБ-нің қызметкерлері жоғалған әйелді қойшының қыстағынан шамамен 80 шақырым жерден тапты. Жылынуға әрекет жасап, әйел қойлардың арасында жатқан. Қатты әлсіреп, аяқтары үсіп кеткен ол аудандық ауруханаға жеткізілді», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив