KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Алматыда мәдениет жылы деп 2012 жыл жарияланды

7.02.2012, 18:00 125


Алматыда 2012 жылы Алатау ауданында концерт залы салынады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.

"Алматыда қазіргі таңда 146 тарихи, археологиялық, сәулет және мемориалдық ескерткіштер, 24 кинотеатр, 17 театр, 29 музей және 394 кітапхана бар. 2012 жылы мәдени инфрақұрылымдар айтарлықтай жаңартылады. Атап айтқанда, бірінші - 28 панфиловшылар паркіндегі даңқ мемориалына реставрация жасалады. Екінші, Ықылас атындағы халық саз аспаптары музейі жаңартылады. Үшінші, С. Бегалин атындағы балалар кітапханасы аясында ХХІ ғасыр кітапханасы экспериментік жобасы жүзеге асырылады. Төртінші, қуыршақ театрына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бесінші, Боралдай сақ қорғандары археологиялық паркінің техникалық негіздемесі жасалады. Алтыншы, Алатау ауданында үлкен қазіргі заманғы концерт залы салынады. Жетінші, қала орталығында жеке инвесторларды тарту арқылы көпсалалы өнер сарайы салынады», - деді А. Есімов. Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, ағымдағы жылы сондай-ақ жоғары деңгейлі бірқатар мәдени шаралар жоспарлануда. Олардың арасында әлемдік үздік музейлер мен әйгілі көркем галереялардың көрмесі, танымал театр труппаларының гастролі бар.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив