KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Жабық футбол манежінің техникалық – экономикалық негіздемесі Астана қаласында мемлекеттік тексеруден өткізіліп жатыр

23.02.2013, 18:00 132


Қазақстан футболының 100 жылдығы құрметіне Семейде 3000 орындық жасанды жабынмен жабдықталған жабық футбол манежі салынады. Қазіргі таңда футбол манежінің техникалық – экономикалық негіздемесі Астана қаласында мемлекеттік тексеруден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметтеріне сүйеніп.

Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылы «Спартак» стадионы күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның жобалық- сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік тексеруден өткізілген.

Қала сыртындағы «Старая Крепость» ауданында «Спартак» футбол командасына оқу - жаттығу жұмыстарын өткізу үшін сыртқы оқу-жаттығу базасы салынады.

Үздік логотип-эмблема конкурсы аяқталып, 100-жылдықтың логотип-эмблемасы келісу үшін облыстық әкімдікке жіберілді.

Осы жылы қала бойынша жасанды жабынмен жабдықталған тағы10 шағын-футбол алаңы салынады. Қазіргі футбол алаңдарының құрылыс орындары анықталды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив