KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«МӘДЕНИ СЕНБІЛІК» акциясы

14.04.2012, 18:00 232



Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы тұрғындар арасында мәдениет деңгейін көтеру, мәдени мұраны насихаттау, кітапхана, мұражайлар, театр мен филармония қорларындағы жаңа ресурстар мен әлеуетін дәріптеу мақсатында «МӘДЕНИ СЕНБІЛІК» атты акциясын өткізуге ұсыныс енгізді.

«МӘДЕНИ СЕНБІЛІК» акциясын өткізу барысында флешмобтың кейбір элементтерінің қолданылуымен көпшілік назарын аударып, тұрғындармен байланысқан қалыптастыру.

Мысалы, филармония ұжымдарының пабтарда, «Музыкалық паб-зал», «Ақындар кофеханасы» сияқты музыкалық және әдеби кездесулердің ұйымдастырылып, мәдениет саласындағы қызықты да жаңа жобалар тұсаукесерін өткізу.

Осыған байланысты, 2012 жылдың 14 сәуірінен 4 мамыр аралығында мәдениет және өнер ұжымдары келесі бағдарламалар бойынша «МӘДЕНИ СЕНБІЛІК» акциясын жүзеге асырады. Акция аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы түрлі көрмелер, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайы экскурсиялар, облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасы көрмелер ұйымдастыратын болды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив