KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Шығыс Қазақстанда 289 дәрігер жетіспейді

6.02.2012, 18:00 197


Өскеменде облыс басшылығының қатысуымен медицина қызметкерлерінің кеңесі болып өтті. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерлан Масалимов өзінің есеп беру баяндамасында айтып өткендей, өңірімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 67,4 жыл. Жалпы өлім-жітім деңгейі төмендеп келеді.

Қан айналу жүйесі ауруларынан қайтыс болу жағдайы 9,5 пайызға төмендесе, ана өлімі жүз мың адамға шаққанда 2006 жылы 59,8 болса, енді 22,4-ке дейін азайып отыр. Сәбилердің қайтыс болу көрсеткіші де екі есеге төмендеді.

Мұның барлығына да мемлекеттен бөлінген қаражаттың көмегі зор болды. Облыстың денсаулық сақтау саласы алған 497 млн теңгеге жаңа құрал-жабдықтар алынып, Аягөз, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті мен Зырян аудандарындағы ауруханалар мен перзентханалар қондырғылармен жабдықталды. Енді кезекте ауылдағы мамандарды осы заманауи қондырғылармен жұмыс істеуге үйрету қажет.

Өкінішке қарай, адамдардың қатерлі ісіктен көз жұмуы көбеймесе, азаймай отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,8 пайызға өскен. Өңірімізге тән аурулардың ішінде онкология қан айналу жүйесі ауруларынан кейінгі екінші орынды алады.

Өткен жылы облыстық онкологиялық диспансердың жанынан ашылған сәулемен емдеу орталығы науқастардың алысқа бармай-ақ өз өңірімізде сапалы ем қабылдауына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда стратегиялық жоспардың он тармағының біреуі ғана орындалмай отыр, ол кадр мәселесі.

– Бүгінгі таңда облыс бойынша 289 дәрігер мамандар жетіспейді, – дейді Ерлан Масалимов.

Қолданылмай тұрған қондырғылар мәселесіне ерекше тоқталған облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев:

– Біз бұл құрылғыларды сатып алуға орасан зор қаражат бөлеміз, қалалық және ауылдық ауруханаларды солармен жабдықтаймыз, ал нәтижесінде олар пайдаланылмай босқа тұрады.

– Бағалы қондырғыларды сатып алмас бұрын онымен жұмыс істейтін дәрігерлерді оқып-үйренуге алдын ала жіберуге болмас па еді? Пайдалана алмайтын құрылғыларды сатып алып қойғаннан ештеңе өзгермейді ғой. Жаңа қондырғылар науқастарға тиісінше қызмет көрсетуі тиіс!- деді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив