KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семейдегі көркемдік мектептің 110 оқушысының сабаққа жартысы ғана келеді

5.02.2012, 18:00 221


Altaynews.kz тілшісі әлеуметтік жағдайлары мен жастары әр түрлі ата-аналардан балаларының жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын қалай төлеп жатқандары жайлы сұрастырған еді. Нәтижесі қуанарлық болмады...

Ешөқайсысының бір жұмыс орнныдағы жалақысы оқу ақысын төлеуге жетпейтін болып шықты. Сондықтан барлығы дерлік қосымша жұмыс істеуге немесе зейнеткер әке-шешелерінен көмек сұрауға мәжбүр. Баласының жоғары оқу орнында білім алуы үшін алдын ала қаражат жинағандары да жоқ емес.

Майра Қайратқызы: «Ұлым ЖОО-ның екінші курсында оқиды.Оқу ақысы жылына 189 мың теңге. Өзім шағын базарда сауда жасаймын, жолдасым зейнеткер, саудаға көмектеседі. Бірақ оқу ақысынан басқа азық-түлікке, киімге де қаражат керек. Студенттік жол жүру билеті жоқ болғандықтан жол ақысына да көп ақша кетеді. Бір жұмыспен шектеліп қалмай, айына бір рет Алматыға барып іш киімдер мен шұлықтар сатамын. Жолдасым сөмкелеріммен бірге поезға отырғызып жібереді. Алматыда мекемелер мен кеңселерді аралап тауарымды сатамын. Осылайша бір барғанымда 20-40 мың теңге аралығында табыс табамын. Әрине оңай жұмыс емес, Ауыр сөмкелер, алыс жол, Алматыда жаяу жүрудің өзі шаршатады. Енді қайтеміз? Баланы оқытып, аяғынан тік тұрғызу керек. Бір түсінбейтінімі, мәселен Алматыда жалақы мөлшері жоғары, бірақ студенттердің оқу ақысы шамамен Семейдегідей. Ал Семейдегі орташа жалақы әлдеқайда төмен ғой».

Надежда Яковлева: «Қызымның оқу бітіруіне екі жыл қалды. Күндіқ сақтандыру агенті болып жұмыс істеймін, ал кешкісін шаштаразды тазалауға барамын. Негізгі жалақыма өмір сүреміз, ал шаштараздағы жалақыны оқуға төлейміз. Алла денсаулық берсе болды, қызымды қайтсем де оқытамын. Қызым оқып жүрген жоғары оқу орнын былтыр бітірген түлектер оқытушыларын мейрамхана отырғызу қымбатқа түскенін айтып еді. Олар алдымен емтиханға жеміс-жидектер, тәтті-мәтті әкеліп, дастархан жайыпты, бірақ ұстаздары мейрамханаға тапсырыс беру қажеттігін ашық айтқан. Мұнымен келіспесеке лаж жоқ. Сондықтан бұл шараға да арнайы қаражат жинауыма тура келетінін білемін».

Серік: «Егер әке-шешемнің зейнетақысы болмағанда, ұлымды оқытар алар ма едім, кім білсін. Менің көптеген таныстарымның балаларының оқуына апалары мен аталары көмектеседі. Балаларын жеткізіп, енді немерелеріне қол ұшын беріп отырған оларға деген алғысым шексіз».

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив