KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

"Fortune" 2018 жылдың үздік 5 смартфонын анықтады

27.12.2018, 05:35 40


Технология тақырыбын түк қалдырмай жазатын көпке танымал Fortune  журналы 2018 жылдың үздік 5 смартфонын анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ұжым басты критери ретінде құрылғының өнімділігі, дербестігі мен камерасының сапасына мән берген.


Журналдың бағалауы бойынша бірінші орынды iPhone XS Max иеленген. Оның жалғыз кемшілігі ретінде бағасы аталды. Есесіне журналистер оның үлкен сапалы дисплейін, жоғары өнімділігін, сапалы камерасын және қосымша мүмкіндіктерін жоғары бағалаған екен.


Екінші орынды көптеген бағдарламалық мүкіндікке ие Google Pixel 3 алған. Оның дыбыстық көмекшісі, Night Sight түсірілім режимі мен спам-қоңырауларды бұғаттау бағдарламалары бірегей деп танылды.


Ал, Huawei Mate 20 Pro үздік үштікті түйіндеп тұр. Оның сапалы бейне түсіру мен жасанды интеллект, өнімділік пен энергия қолдануды бақылап отыратындығы оң бағаға ие болған.


Төртінші орынды OnePlus 6t смартфоны иеленді. Экранды саусақ ізімен ашу, Night Scape түңгі түсірілім режимі және сапасы мен бағасының сәйкестігі жоғары бағаланса керек.


Бестік Samsung Galaxy Note 9-бен бітіп тұр. Аталмыш смартфон үлкен әрі сапалы дисплейімен және Galaxy Dex док-станциясына қосылу мүмкіндігімен ерекшеленді.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив