KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

NSFC қоғамы 2018 жылғы ең үздік үш фильмді жариялады

7.01.2019, 03:44 133

«РИА Новости» мәліметіне сүйенсек, ұйым Қытай режиссері Хлои Чжаоның «Наездник» фильмін үздік деп таныған. Бұл кинотуынды ауыр бас жарақаты салдарынан сүйікті ісін тастауға мәжбүр болған жылқы үйретуші туралы.


Киносыншылар Мексика режиссері Альфонсо Куаронның «Рома» фильмін екінші орынға лайықты деп таныған. Ал үшінші орынға Оңтүстік Корея режиссері Ли Чхан-донның «Пылающий» туындысы ие болды.


Мамандар фильмі екінші орынға ие болса да, «үздік режиссер» атағына Альфонсо Куаронды лайық деп тапқан.


Ұйым «үздік актер» мен «үздік актрисаны» да анықтады. «Жылдың үздік актері» атағына Пол Шредердің «Дневник пастыря» фильмінде басты рөлді сомдаған Итан Хоук ие болды. Ал «Фаворитка» туындысында ойнаған Оливия Колман «үздік актриса» атанды.


Ұлттық киносыншылар қоғамы «үздік сценаристер - «Смерть Сталина» фильміне сценарий жазған Армандо Ианнуччи, Дэвид Шнайдер мен Йен Мартин деп бағалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив