KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Торпедоның» ойыншысы Данил Свинухов үздік қорғаушы атанды

28.12.2012, 18:00 243


"Торпедоның" ойыншысы Данил Свинухов үздік қорғаушы деп танылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскеменде олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Борис Александровты еске алу үшін шайбалы хоккейден 1995-1996 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында ұйымдастырылған халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Қазылар алқасы мен білікті мамандар турнирдің үздік ойыншыларын анықтады. «Торпедоның» ойыншысы Данил Свинухов үздік қорғаушы, «Металлург» командасынан Тимофей Смолин үздік шабуылшы, «Алтай» (Барнаул) командасының хоккейшісі Владимир Кнышев үздік қақпашы, «Ладаның» ойыншысы Вячеслав Чегринцев ең мерген хоккейші атанды.

Мұз айдынындағы аса тартысты өткен сайыстарда шеберліктерімен көзге түскен «Металлург» (Новокузнецк) командасының хоккейшілері бірінші орынды жеңіп алып, кубокты иеленді. Екінші орынды Тольяттидің «Лада» хоккейшілері еншіледі. Ал Өскеменнің «Торпедосы» үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен медальдар тапсырылды.


Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив