KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
488.91 532.62 5

Семейде «Мәңгілік ел» көшесі ресми түрде ашылды

1.12.2018, 10:44 105



Осыдан біраз бұрын 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова Семейге арнайы іс сапармен келіп, ең алдымен Әлихан Бөкейхан ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым еткен еді. Сол кезде облыс әкімінің орынбасары осындай айтулы күнде Семей қаласындағы Ленин көшесі «Мәңгілік ел» болып ауысқанын сіздерге құрметпен хабарлағым келеді, деп жақсы жаңалықты жария еткен.


Соынмен Семейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Мәңгілік ел» көшесі ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Сәлімов пен зиялы қауым, ақсақал-ардагерлер қатысты. Достық үйінің ғимаратына көшенің ресми атауының ашылым тұсаукесері әкім Ермак Бидахметұлы мен жазушы Медеу Сәрсекеге берілді.


-Біз өткен тарихтан сабақ алуға тиістіміз,-деді Медеу Сәрсеке,-жас ұрпақ тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін білу қажет. Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бұл тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі. Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген сындарлы сөзі тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық рухтың өрлеуіне жол ашты.


Осыдан біраз жыл бұрын осы Ленин көшесін ауыстыру мәселесі көпшіліктің талқысына түскен еді. Ленин көшесінің бойында Әлихан Бөкейхан бастаған алаш қайраткерлері келетін Бостандық үйі де орналасқан. Бостандық үйінде қазірде Семейдегі облыстық тарихи өлкетану музейі ашылған.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив