KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Семей тұрғыны ТҮКШ бөлімін сотқа берді

20.11.2018, 07:50 190


Семей тұрғынының автокөлігіне ағаш құлап, зақымдап кеткен екен. Осы жағдайға байланысты ол қалалық ТҮКШ бөлімін сотқа берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс Семей қалалық сотында қаралды. Қала тұрғыны Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының үстінен талап арыз түсірген. Оның айтуынша, әкімшілік полиция бөлімі ғимаратының маңына қалдырып кеткен жеңіл автокөлігінің үстіне ағаш құлапты.  Ол бұл жағдайға дер кезінде ағашты кеспеген ТҮКШ бөлімін кінәлап отыр. Ал бөлім залалды өтеуден бас тартқан.


Дегенмен, сот процессінің барысында екі тарап бейбіт келісімге келді. ТҮКШ бөлімі талапкерге 175 000 теңге мөлшерінде материалдық зиянды төлеп беруге міндеттелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив