Нәрестеңіздің туу туралы куәлігін SMS арқылы ала аласыз
Нәрестені SMS арқылы тіркеуге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бала дүниеге келген соң, ата-анасының нөміріне тіркеуге байланысты хат келеді. Электронды портал мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді өзі алады. Ал жетпей жатқан жерін ата-анаға қайтадан SMS жолдау арқылы сұрайды, – деді Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының төриесі Абылайхан Оспанов
SMS алушы адам баласының атын, оның әкесінің есімін, тегін толықтай жазып жіберуі керек. Сондай-ақ баланың жәрдемақысы аударылуға тиіс карта нөмірін, болашақта орналасатыруды қалайтын балабақшаның атын да жазып жіберу қажет.
Сонымен, ата-ана туу туралы куәлікті ғана қолымен алады.
– Бұл қызметтерге ие болу үшін, телефон нөміріңіз міндетті түрде атыңызға тіркелуі керек. Ол үшін wwww.egov.kz сайтындағы жеке бөліміңізге еніп, нөміріңізді ЖСН-ге тіркеу қажет, – деді А.Оспанов.
Бұл жоба алғаш шыққаннан бері 100 мыңдай адам тіркеліпті. Солардың 59 мыңы аталмыш қызметке жүгінген. 18 мың сәби балабақшаларға тіркелген.
Айтпақшы, корпарация басшысы бұл қызмет түрін Телеграм-бот арқылы да қолдануға болатыындығын айтты.