KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

«Semey Open» халықаралық турнирінде семейліктер топ жарды

5.11.2018, 15:54 174


Семейде таэквондо жекпе-жегінен халықаралық турнирдің жалауы желбіреді. 20 жылдық тарихы бар «Semey Open» сайысына Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 500-ге тарта спортшы жиналды.


Айтулы жарыспен бірге, ересектер арасында Қазақстан чемпионатыда қатар өткізілді. Мұндағы мақсат – желтоқсанда Минскіде өтетін әлем Кубогіне ұлттық құраманы жасақтау. Ең бастысы осындай турнирлер жас жеткіншектердің қанаттарын қатайтып, тәжірибе жинақтауға септеседі дейді таэквондоның ITF тұжырымы бойынша ШҚО федерациясының президенті Махаббат Советхан.


-          Шығыс Қазақстанда таэквондо жақсы жолға қойылған. Курчатов қаласында, Абай, Көкпекті және Бесқарағай аудандарының балалары жақсы өнер көрсетіп жүр. Ауылдың балалары қала жастарынан кем түспейді. Ел біріншіліктерінде үнемі тұғырдан көрінеді. Халықаралық деңгейде жетістіктер жоқ емес. Үш әлем чемпионымыз бар. Атап айтсақ, Дамир Советхан, Нұржан Қажымов және Абзал Жұмағалиев. Сол секілді 15-ке жуық Азия чемпиондары мен әлем біріншіліктерінің бірнеше жүлдегерлері шыққан, - деп атады облыстық федерацияның президенті.


Жекпе-жек алаңына оралсақ, жалпы командалық түйінде семейліктер алдына жан салмаған екен. Екінші орын алматылытардың еншісіне бұйырса, үштікті қарағандылықтар қорытындылады. Осылайша дәстүрлі турнир тағы бір жылды артқа тастады. Ұйымдастырушылар келер жылы, доданың ауқымы кеңейеді деген үмітте.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив