KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» «Боранды» ірі есеппен жеңді

2.11.2018, 17:44 231


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында воронеждік «Боран» командасын қабылдаған Өскеменнің «Торпедосы» 5:1 есебімен сенімді жеңіске жете білді.


Бұған дейінгі қарсыласына ойламаған жерден овертаймда есе жіберген жерлестеріміз «Боранға» қарсы ойынның тағдырын тезірек шешіп тастауға тырысты. Сөйте тұра, аталған матчтағы алғашқы шайбаны қонақтар соқты. Дәл осыдан кейін қаһарына мінген торпедолықтар «Боран» қақпасына шайбаны қарша боратты. Нәтижелі соққылардың авторлары – қорғашы Андрей Виноградов пен шабуылшылар Андрей Белозеров, Николай Складниченко, Кирилл Тамбиев және Аркадий Шестаков. Қорытынды есеп 5:1 «Торпедоның» пайдасына.


Осы жеңісінен кейін 21 ұпай жинаған өскемендік команда 15-ші орынға көтерілді. Келесі ойынын Мисхат Фахрутдинов шәкірттері өз айдынында жексенбі, 4 қараша күні өткізеді. Бұл жолы жерлестерімізге «Рязань» командасы қарсылас атанады. Ойынның басталуы кешкі сағат 17:00-де.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив