KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» «Ижстальді» ірі есеппен жеңді

17.09.2018, 04:31 96


Жаңа маусымдағы өз айдынындағы алғашқы ойынын ижевскілік «Ижсталь» командасына қарсы өткізген Өскеменнің «Торпедосы» 4:1 есебімен сенімді жеңіске жете білді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл кездесуге дейінгі екі матчта қатарынан екі рет қарсыластарына буллиттер сериясында есе жіберген жерлестеріміз «Ижстальмен» ойынның тағдырын тағы да «лотореяға» жеткізбей, тезірек шешіп тастауға тырысты. Алғашқы минуттардан-ақ қарсылас қақпасына лап қойған торпедолықтар бірінші үзіліске кетпей жатып есепті 3:0-ге дейін жеткізді. Нәтижелі соққылардың авторлары – команда капитаны Александр Шин мен шабуылшылар Андрей Белозеров және Александр Шибаев.


Екінші жиырмаминуттық бастала салысымен таблодағы есеп 4:0-ге дейін жетті. Бұл жолы қонақ команданың қақпасынан саңылау тапқан «Торпедоның» биылғы маусымдағы үздік мергені Аркадий Шестаков болды.


Мұндай ауыр соққыдан ижевскілік хоккейшілер үшінші кезеңде ғана ес жия алды. Оның өзінде де қонақтардың Константин Рыжовтың көмегімен есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартудан басқаға шамалары жетпеді. Қорытынды есеп 4:1 «Торпедоның» пайдасына.

Осы жеңісінен кейін алты ұпай жинаған өскемендік команда сегізінші орынға көтерілді. Кеше кешке Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері өз айдынында Перьм қаласының «Молот-Прикамье» командасын қабылдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив