KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Юграны» қабылдаған Өскеменнің «Торпедосы» 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті

22.01.2019, 04:04 113

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында Ханты-Мансийск қаласынан келген «Юграны» қабылдаған Өскеменнің «Торпедосы» 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұған дейінгі қарсыласына овертаймда есе жіберген жерлестеріміз «Юграмен» ойынның тағдырын тезірек шешіп тастауға тырысты. Сөйте тұра, матчтың алғашқы кезеңі 1:1 есебімен аяқталды. «Торпедо» сапында Андрей Белозеров көзге түсті.


Дегенмен үзілістен кейін қаһарына мінген торпедолықтар қонақтар қақпасына шайбаны қарша боратты. Нәтижелі соққылардың авторлары – шабуылшылар Артем Лихотников, Евгений Рымарев, Алексей Шантыка мен Максим Капитуров. Бұған «Топедоның» экс-бапкері Алексей Ждахиннің командасы бір-ақ шайбамен жауап бере алды. Қорытынды есеп 5:2 өскемендік ұжым пайдасына.


Осы жеңісінен кейін 49 ұпай жинаған «Торпедо» турнир кестесінде 15-ші орынға көтерілді. Келесі ойынын жерлестеріміз өз айдынында ертең, 23 қаңтар күні өткізеді. Бұл жолы торпедолықтарға Санкт-Петербордың «Динамосы» қарсылас атанады. Ойынның басталуы кешкі сағат 18:30-да.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив