KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Серік Қонақбаевтың қарсыласы Қазақстанға келе жатыр

15.11.2012, 18:00 243


Әлемге танымал былғары қолғап шебері, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Патрицио Олива Қазақстанға келе жатыр, деп хабарлайды alasharena.kz сайтына сілтеме жасаған Аltaynews.kz тілшісі.Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлаған көрінеді.

Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаевпен жұдырықтасып, жеңіске жеткен Оливаның басты мақсаты - Қазақстанмен кеңірек танысу екен. Вэл Баркер кубогына лайық деп танылған Патриционың біздің елдегі сапары 18-25 қарашаға жоспарланған. Ол Алматыдағы жас боксшыларға шеберлік класын өткізіп, Астанада басталатын бокстан Қазақстан чемпионатында да құрметті қонақ болады деп күтілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив