KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Жерлесіміз чемпионаттың күміс жүлдегері

6.12.2012, 18:00 141


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Спорт және денешынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2- курс студенті Әмірзақов Айдар дулығасыз бокстан өткен Қазақстан чемпионатынан күміс медальмен оралды.

Астана қаласының «Дәулет» спорт кешенінде бокстан өткен чемпионат ойындарына кең байтақ еліміздің барлық аймағынан 179 былғары қолғап шебері жиналып, бақтарын сынасқан болатын. 64 келідегі боксшымыз жарыстар барысында 4 нәтижелі кездесу өткізіп, алтыннан басты үміткерлерлің бірі еді. Өз салмағында ешкімге дес бермеген Айдар ақтық айқаста тәжірибелі боксшы Мерей Ақшаловпен қолғап түйістірді. Жарыс нәтижесі бойынша астаналық боксшы басым түсіп, жерлесіміз күміс жүлдегер атанды.

Биыл ұйымдастырылған бокстан Қазақстан чемпионатының жарыстары бұрынғы жылдарға қарағанда өзгеше өтті.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) боксты әлем алдында әдемi спортқа айналдыру мақсатында былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектерін алдағы уақытта дулығасыз өткізіп, төрелікте ұпай санайтын бес төрешінің орнына үшеу болады деп шешкен болатын. Сондай-ақ, чемпионатқа олимпиада ойындарында медаль алған боксшылар қатыспайды және әйелдер мен жастар арасындағы додалар ескі жүйемен өткізіле бермек.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының жаңа жүйесін осылайша алғаш рет қазақ жігіттері сынақтан өткізді.

Келесі жылы Алматы қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрамасының мүшелері бокстан өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталатын болады.

Анар Қуанғалиева, Семей




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив