KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскемендегі трамвай паркінің қызметкерлері 40 млн астам еңбекақы алды

30.10.2018, 03:43 148


Өскемендегі трамвай паркінің қызметкерлері облыстық көлік прокуратурасының көмегімен ұзақ уақыт бойы ала алмай жүрген еңбекақыларын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Трамвай паркінің қызметкерлері ғана емес, оларға медициналық қызмет көрсететін мамандар да жалақысыз отырған.


«Өскемен Трамвай паркі» ЖШС-ның 190 қызметкері үш ай бойы, «Защита темір жол ауруханасы» ЖШС-ның 357 қызметкері екі ай бойы еңбекақы алмаған екен.


– Қазіргі уақытта прокурордың қадағалау шараларының арқасында медициналық мекеме жұмысшыларына 21,5 млн теңге, ал трамвай паркінің жұмысшыларына 21,7 млн теңге еңбекақысы өтелді, – деп мәлімдеді ШҚО Көлік прокуратурасы.


Одан бөлек, еңбекақыны төлемей келген кәсіпорындарға айыппұл да салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив