KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

ШҚО-да 16-17 жастағы 56 қалыңдықтың некесі қиылған - 3 орын

5.10.2018, 04:31 105


Статистика комитеті 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы ең жас некелесушілердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


16-17 жастағы қалыңдықтар Алматы облысында тіркелді – 97 неке. Жамбыл облысы екінші орында – 58 неке. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Өңірде 16-17 жастағы қалыңдықтардың 56 некесі қиылған.


16-17 жастағы жігіттер көп үйленген облыс – Атырау, 7 неке. Одан кейінгі орында – Қарағанды облысы, 6 үйлену тойы тіркелді. Бұл жағынан үшінші орында Павлодар облысы тұр – 5 неке.


Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы Қазақстанда ерлердің некелесу жасының орташа көрсеткіші 29, әйелдердікі 26,1 болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив