ШҚО-да 16-17 жастағы 56 қалыңдықтың некесі қиылған - 3 орын
Статистика комитеті 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы ең жас некелесушілердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
16-17 жастағы қалыңдықтар Алматы облысында тіркелді – 97 неке. Жамбыл облысы екінші орында – 58 неке. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Өңірде 16-17 жастағы қалыңдықтардың 56 некесі қиылған.
16-17 жастағы жігіттер көп үйленген облыс – Атырау, 7 неке. Одан кейінгі орында – Қарағанды облысы, 6 үйлену тойы тіркелді. Бұл жағынан үшінші орында Павлодар облысы тұр – 5 неке.
Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы Қазақстанда ерлердің некелесу жасының орташа көрсеткіші 29, әйелдердікі 26,1 болды.