KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
441.66 475.14 4.86

Аягөздегі бокс турнирі өз мәресіне жетті

17.09.2018, 11:06 194


Төлеутай Сүлейменовтің жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аягөзде бокстан бірнеше күнге созылған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Тәуелсіз ҚР бірінші сыртқы істер министрі, Шығыс Қазақстан облысы мен Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Төлеутай Сүлейменовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде Шығыс Қазақстандық спортшылар жаман нәтижелер көрсеткен жоқ. 50 келі салмақта Руслан Күзеубаев, 54 келіде Дидар Болатбеков, 57 келіде Бауыржан Сәтжанов, 70 келі салмақта Аян Сабыржанов, 80 келіден жоғары салмақ бойынша шаршы алаңға шыққан Ілияс Қадыровтар 1-орындарды жеңіп алса, 42 келіде Қуандық Шәріпханов, 52 келіде Айдар Сайлаубековтар 3-орындарды місе тұтты

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив