Полицейлердің оқу-жаттығу орталығы тек Шығыста ғана бар
Аймақ полицейлерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында облыс орталығында Қылмыстық атқару жүйесінің бұрынғы еңбекпен түзеу мекемесінің базасында былтырдан бері жаңа Оқу-жаттығу орталығы ашылып, жұмыс істеп тұр. Орталық Ішкі істер министрінің қатысуымен және облыс басшысының тікелей қолдау білдіруімен ашылған болатын.
– Атап өтерлігі, мұндай орталық республика бойынша тек біздің департаментте ғана бар. Заман талабына сай материалдық-техникалық базасы бар орталық ашылғалы бұл жерде екі мыңнан аса полицей оқу-жаттығудан өтіп, кәсіби деңгейін жетілдірді, - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Бұл ретте өңірдің бас полицейі полицияға артылған жауапкершілікті түсініп, үнемі тиісті деңгейде қаржылай қолдау білдіріп келе жатқан облыс әкімі Даниал Ахметовке өзінің және полицейлердің атынан ризашылығын білдірді.