KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Өскеменде тұрғын үйді су басудан аман сақтап қалды

11.02.2024, 02:00 281 Мадина Амангелдіқызы

Күннің күрт жылынуынан қар жылдам еріп, Өскеменнің Ахмер ауылындағы бір тұрғын үйге су басу қауіпі төнді. Жергілікті билік пен Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрі жұмыла әрекет етуінің арқасында тұрғын үйді су басқан жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға орнына жергілікті биліктің, Төтенше жағдайдар қызметінің өкілдері және басқа да жауапты сала мамандары шұғыл жетіп, іске кірісті. Қажетті техникалар жұмылдырылды. 

- Саламат көшесіндегі бір үйге су басу қауіпі төнді деген хабар түсті. Қазір жағдай қалыпты, үйлер мен шаруашылық құрылыстарға қар суынан ешқандай қауіп жоқ. Оқиға орнында ТЖД мен қала әкімдігінің қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырған, деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев

Оның айтуынша, су үйге және шаруашылық құрылыстарға кірген жоқ. Сондай-ақ бөгенді бекіту үшін қала әкімдігі құм-топырақ тиеген төрт арнайы техниканы жіберген.

Қазір қар суын жүк тиегіш техникалардың көмегімен тұрғын үйлерден аулаққа бұру, арықты аршу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Табиғаттың тосын мінезіне тас-түйін дайын болған жергіліктің билік пен Төтенше жағдайлар қызметінің жедел және жұмыла әрекет етуінің арқасында қар суы тұрғын үйлерге кірген жоқ. Облыс әкімдігі Ахмер ауылындағы, сондай-ақ бүкіл өңірдегі жағдайды толық бақылауында ұстап отыр. Барлық күштер тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Күн райының күрт жылынуын және Ресейдің Алтай өлкесінде болған табиғи жағдайларды қаперде ұстаған облыс әкімдігі барлық күштерді күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіреді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу