KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 0,5 м/с, В
526.11 542.31 4.76

ШҚО: Жаңа жыл түні жедел жәрдемге 1001 шақырту түсті

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
1.01.2025, 02:00 84 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында жаңажылдық мереке күні жедел қызметтер үшін тынымсыз жұмыс кезеңі болды. 2024 жылдың 31 желтоқсанында жедел жәрдем станциясы тәулігіне 1001 шақырту қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ведомство басшыларымен бірге жаңажылдық түнде «ШҚО Жедел медициналық көмек станциясына» барып, медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап қайтты.

— Сіздердің еңбектеріңіз мереке мен демалысты білмейді. Сіздер әрдайым алдыңғы шепте жүріп, адамдарға көмек көрсетіп, мамандыққа адалдық пен әр науқасқа қамқорлық танытасыздар. Еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз, – деді Ермек Көшербаев.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні ШҚО аудандарында 31 жедел жәрдем бригадасы, ал Өскемен қаласында 25 бригада кезекшілік етті. Сонымен қатар, шұғыл шақыртуларға 4 шұғыл медициналық көмек бригадасы дайын болды.

– Осы тәулікте облыс бойынша 1001 шақырту түсті. Біздің диспетчерлер тұрғындардан қоңырауларды жедел қабылдап, оларды бригадаларға бағыттап отыр, – деп түсіндірді жедел бөлімнің аға дәрігері Зарина Рахметолдинқызы.

Аймақ басшысы дәрігерлермен және «жедел жәрдем» диспетчерлерімен әңгімелесу барысында жаңажылдық түндегі жедел қызметтердің жұмысының ерекше маңызды екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу