Заң және жастар
Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында «Заң және жастар» атты диалогтық алаң өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылды. Мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру, деп хабарлайды Altainews.kz.
Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар және колледж студенттері қатысты. Шара барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, заң бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сана мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Спикерлер нашақорлық пен өзге де тәуелділіктердің алдын алу тақырыбына тоқталып, құқықтық сауаттылық пен саналы таңдау – салауатты өмір салты мен қауіпсіз болашақтың кепілі екенін атап өтті.
Ашық диалог форматында студенттер еркін пікір білдіріп, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Кездесу жастардың құқықтық мәдениеті мен жеке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.