KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да Бірыңғай ситуациялық орталық ашылады. Оның атқаратын қызметі қандай?

25.02.2019, 03:01 138

Биыл ШҚО-да облыс әкімінің Бірыңғай ситуациялық орталығы ашылмақ. Аталмыш орталық төтенше, апаттық және коммуналдық қызметтерді бір қосымшаға біріктіруге мүмкіндік беретін болады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси бюро отырысында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Яғни, Ситуациялық орталық арқылы Төтенше жағдай қызметтерімен байланысуға, коммуналдық төлемдерді төлеуге, автобустардың қозғалысын бақылауға және билеттер сатып алуға болады.


– Орталықтың іске қосылуы біз үшін цифрландыру бағытында жасалған үлкен қадам болмақ, – деп бағалап отыр аймақ басшысы.

Жалпы, өңір сандық форматқа көшу бойынша елімізде көш бастап келеді. Осы іске жауапты облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Марина Гагаринаның айуынша, биылдың өзінде бірнеше жоба іске қосылмақ, олар – «Сенімді дәрігер» қосымшасы, құрылыс саласына қадағалау жүргізетін «Құрылыс бақылау», ауыл шруашылығындағы малды, техниканы, жер тілемдерін есепке алатын «Смарт Агро» ақпараттық жүйелері және жер учаскелерінің кадастрлық құнын онлайн бағалау жүйесі.


– Барлық балабақшалар мен мектептерде бейнебақылау камералары орнатылады, олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне қосылады, – деді Марина Гагарина. – Сондай-ақ, алдағы үш жылдың ішінде өңірдегі мұражай-мұрағаттарда, кітапханаларда сақтаулы құнды жәдігерлердің цифрлық көшірмелері жасалады.


Оқырмандарымыз былтыр Өскемен мен Семейдегі жер телімдерінің электронды картасы әзірленгенінен жақсы хабардар. Енді Риддер, Алтай, Аягөз, Шемонайха, Серебрянка, Зайсан қалаларының да дәл сондай карталары жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив