KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Семейде ситуациялық орталық ашылады

13.12.2020, 14:21 124

Семей қаласында ситуациялық орталық ашылады.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің айтуынша, бүгінде Өскеменде барлық төтенше жағдайлар қызметі мен «Сергек» жүйесін біріктіретін мекемеаралық бірегей ситуациялық орталық жұмыс істеп тұр.

Оның қуаттылығы 4 мың бейнекамераға жетеді. Бұл жүйемен 101 білім беру ұйымы, 115 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 419 қоғамдық орын және 74 реттелген жол қиылыстары қамтылған.

 

«Осының арқасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтаудың мүмкіндігі артты. Биыл бейнебақылаудың көмегімен ашылған қылмыстар - 33 пайызға, ал әкімшілік құқық бұзушылықтар - 26 пайызға өскен», - деді Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта облыстық әкімдік Семей қаласында осындай ситуациялық орталық ашу мәселесін қарастыруда.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив