KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде бірыңғай есептесу орталығы ашылады

23.06.2013, 18:00 195


Екі-үш айдың көлемінде облыс орталығында бірыңғай есептесу орталығы ашылатын болады. Орталық пайдалануға берілген жағдайда тұрғындар коммуналдық қызметке тиесілі төлемдердің барлық түрін осы жерде жүзеге асырады. Айта кетейік, мұндай орталықтар бүгінде еліміздің бірқатар қалаларында жұмыс істеуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жақында Өскеменде өткен жиындардың бірінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев орталықты тез арада іске қосуды тапсырғанды. Осы мақсатта Алматы мен Қарағандыға мамандарды арнайы жібергенін де айтқан-ды.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмас Оңдақановтың айтуынша, қазіргі уақытта орталықты құру үшін бірқатар коммуналдық мекемелермен келісімдерге қол қойылған.

Өскеменде төлемдерді комиссиясыз қабылдайтын әлеуметтік кассалар жұмысын бастаған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив