Қазақстанда Ресейден бензин тасымалдауға тыйым салынды
Қазақстанның энергетика министрі 18 ақпан күні «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталған құжат бойынша, Қазақстанға Ресейден теміржол көлігі арқылы бензин тасымалдауға үш ай мерзімге тыйым салынады.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз