KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Темір жол арқылы Ресейден Қазақстанға бензин тасуға тиым салынды

30.05.2018, 03:20 179

Электронды үкімет порталында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтің Ресейден Қазақстанға темір жол арқылы бензин тасуға тиым салу жөніндегі бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Темір жол арқылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензин тасуға 3 ай көлемінде тыйым салынады»,-деп жазылған бұйрықтың мәтінінде.


Құжатта көрсетілгендей, Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті ҰҚК Шекара қызметіне, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйым салу туралы хабарлау үшін хабарлама дайындауы тиіс.


Бұйрық ресми жарияланған уақыттан бастап он күннің ішінде күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив