KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

ШҚО әкімі Күршімдегі паром мәселесінің қалай шешілетінін айтты

22.02.2019, 06:14 202

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің ел алдындағы есепті кездесуінде Күршім ауданы тұрғындарының атынан  паром мәселесіне қатысты сұрақ қойылды. Әділбек Маткаримов есімді тұрғын паромның қызметіне халық тарапынан көптеген шағым бар екенін айтып, осы проблеманы біржақты етуді сұрады.


Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл жағдайдан хабардар екенін айта келе, мәселені шешу екі кезеңмен іске асатынын түсіндірді.


– Біріншіден, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  паром қызметінің сапаға сай болуын тұрақты бақылауға алатын болады. Ауа райының қолайсыздықтарын ескергеннің өзінде тасымал жиілігі 90 пайыздан түспеуі керек. Екіншіден, «Құйған айлағы» ЖШС-не қызмет сапасын тиісті деңгейде ұйымдастыра алмағаны үшін айыппұл санкциясын енгізу керек. Қажет болған жағдайда тасымал кестесін сақтамай, тариф саясатын ақылға қонымды жүргізбегені үшін келісімшартты бұзу қажет, - деді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив